HTML
JavaScript
CSS
HTML
JavaScript
CSS

WEB ПАРАҚТАРЫН ҚҰРУ ҮШІН HTML ТІЛІНЕН ОҚУ ҚҰРАЛЫ

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында, «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құныдылықтарға бағытталған білім алу үшін жағдай жасау», оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, «халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» ерекше баса айтылғаны белгілі.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте –мөте қажет» деп Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Алғашқы есептеу құрылғылары болмаған кезде адамдар барлық есептеу, іс-жұмыстары қолмен істеген. Кейін технологияның қарқынды дамуына байланысты көптеген қажетті ақпарат құралдары пайда бола бастады.Осы пайда болған құралдар ішінде әрине өзімізге аса тиімді ақпарат құралы компьютер де бар. Компьютер арқылы ақпаратты сақтауға, ӛңдеуге, тасымалдауға және де қабылдауға болады. Оның осы тиімді жақтарын пайдалана отырып, біз өзімізге тиісті жұмыстарымызды атқаруға мүмкіндік береді. Дами келе көптеген программалау тілдері пайда бола бастады.

Қазіргі таңда дүниежүзілік компьютерлік интернет желісі ХХ ғасырдың 90- жылдары компьютердің дамуына Internet және World Wide Web жүйелері үлкен әсерін тигізгені барлығымызға мәлім. Қазіргі кезде осы бағытта да компьютер өте үлкен қарқынмен дамуда. Оперативті ақпаратты алудағы негізгі құрылғының бірі болуда. Internet желiсi- Бүкiләлемдiк тор-WWW [World Wibe Web]. Берiлген тор құжатттардың өзара бiр-бiрiмен байланысы ретiнде берiледi. Өзіміз білетіндей Internet желісі түрлі сайттардан тұрады. Сайттарды пайдалана білумен қатар оны құра білуде қажет. Ол әрине кӛптеген жұмыстарды қажет етеді, ең бастысы ол не мақсатта құрылып жатыр? Әрбiр Web-сайт тексттен, суреттерден, видео үнтаспаларынан тұруы мүмкiн. Мұндай сайттар ғаламшардың кез-келген нүктесiндегi компьютерде болуы мүмкiн. WEB-тiң негiзгi қызметi - қажеттi ақпаратты шапшаң түрде кірiп көру, жинастыру және де оны экранға шығаруды ұйымдастыру. Гипермәтiндi сiлтеме-келесi беттермен байланысты қамтамассыз етедi. Сiлтеменi тышқанмен шертiп сiз келесi WEB-сайтқа өте аласыз. Сондықтан да HTML тілінің мүмкіндіктерін оқи отырып, оны тиімді пайдалануды білім алушыларға үйрету, сол арқылы мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық зертханаларды және бақылау бағдарламаларын жасақтап, онымен қамтамасыз етуге дайындау қажет.